Германияда вакцинадан бас тартқандар ПТР тестті өз ақшасына тапсырады

Ulysmedia

Германияда вакцина салдырудан бас тартқан тұрғындар коронавирусқа тестті өз қаражатына тапсырады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24kz-ның мәліметінше, бұдан былай ел азаматтары ковидтің бар-жоғын анықтау үшін 12 еуроға жуық ақы төлеуі керек. Бұл шамамен – 6 мың теңге. Осылайша билік өкілдері екпе салдырғандар қатарын арттырмақ ниетте. Бұған қоса бюджет қаржысын үнемдеуді де көздейді, себебі індет басталғалы Германия тегін экспресс-тесттерге 5 миллиард еуродан астам қаржы жұмсаған.

Айта кету керек, Германияда мейрамхана, кинотеатр мен фитнес залдарға кіру үшін азаматтар міндетті түрде екпе қабылдауы керек немесе тестілеуден өткенін растауы тиіс.