×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Алтын үшін айқас: Бестөбе тұрғындары қоғамдық тыңдауларды өткізбей қойды

18.08.2023, 12:49
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бестөбеде кент тұрғындары мен инвесторлар арасындағы дау тоқтар емес. Екі тарап та үлкен үміт күткен қоғамдық тыңдаулар өтпей қалды. Бұрынғы жұмысшылар компанияның жүйелік жұмыс жоспарлары, соның ішінде шахта суын сору туралы дәлелдерін тыңдаудан бас тартты. Ulysmedia.kz бұған дейін жазғандай, олар бұл талапты мемлекеттік органдардың және жер қойнауын пайдаланушының өкілдерімен кездесулерде көтерген.

Осыдан 90 жыл бұрын қойнауы алтынға толы кен орны ашылғаннан бері Бестөбенің аты аңызға айналған. 1940 жылы 8 сәуірде әкімшілік картада кен орнымен аттас жұмысшы кенті пайда болды, ауыл қала құраушы мәртебесін алды, ондағы негізгі жұмыс контингенті және тұрғындар бейінді кәсіпорынның қызметкерлері болды.

Бірақ екі жылдан бері минералды базаның бұл стратегиялық мемлекеттік резервінде жұмыс тұралап тұр.  100% акциялар пакетіне иелік ететін кәсіпорын – "Алтыналмас "АҚ өзінің жауапты жер қойнауын пайдаланушы екенін дәлелдеуге тырысып жатқанына қарамастан өндіріс жанданар емес. Өздерін "Жұмыс тобы" деп атаған адамдар тобы бастаған жергілікті тұрғындар компаниямен ашық текетіреске көшкен.

Жанжалға айналған байлық

Өндірістік алаңда бірнеше онжылдықтар бойы алтын рудасы шикізатын эксплуатациялық өндірудің жанама өнімі ретінде техникалық және минералды түзілімдер жиналды. Оларды қайта өңдеу үшін бір кездері байыту фабрикасы салынды. Айтпақшы, бұл 2017 жылғы қоғамдық тыңдау мәселелерінің бірі болды, онда кент тұрғындары жер қойнауын пайдаланушыны және сол зауыттың жаңа ғимаратын салуды қолдады.

-  Жер қойнауын пайдаланушымен өзара іс-қимылды байланыстырушы ретінде құрылған "жұмыс тобы" бастаған жергілікті тұрғындар белгісіз себептермен және күмәнді дәлелдермен компаниямен белсенді қарама-қайшылыққа түсті, - дейді компания.

Қарама-қайшылық кәсіпорынның бейіндік қызметін толығымен қысқартуды талап етуге ұласты. Нәтижесінде, кәсіпорын екі жыл бойы жұмыс істемей тұр, ал шахтаны жер асты сулары басып қалды.

Кемшіліктері мен артықшылықтары

- Бестобе алтыны бос – ол көзге анық көрініп жатыр. Бұл бір жағынан артықшылық, бір жағынан кемшілік. Кемшілігі – асыл металды тау-кен жұмыстарынан қалған көптеген тау-кен қазбаларында тау жыныстарынан жинауға болады, - деп түсіндіреді мамандар.

Шахта тарихының көлеңкелі беттері аз емес – жүздеген қылмыстық істер мен қатаң үкімдер қаттаулы, бірақ алтын іздеген көлденең көк аттыларды заң тоқтата алмайтын секілді, өйткені заңсыз алтын өндіру ресми жалақыға қарағанда әлдеқайда көп пайда әкелді. "Алтыналмас" компаниясы өндірілген барлық алтынды Ұлттық Банкке сатады, елдің алтын-валюта резервін толықтырады және сол арқылы ұлттық экономиканы нығайтады.

Бірнеше жыл бұрын қылмыстық тергеулер мен қамаулар Бестөбені дүйім жұртқа “мәшhүр” етті – мұнда жоғары шенді полицейлер “қамқорлық” көрсеткен қылмыстық топтардың мүшелері ұсталды, подполковниктер, майорлар, капитандар сотталды. Сол кезде Ақмола облысы прокурорының орынбасары да қамауға алынды. ІІМ статистикасы бойынша, полицейлер соңғы онжылдықта кем дегенде 45000 "қара іздеушілерді" ұстады, жүздеген заңсыз алтын өңдеу цехтарын жапты. ҚР ҚК бойынша мұндай қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұрса да, олар астыртын жұмыс істеуді жалғастырып келеді.

Кәсіпорын оны модернизациялауға белсенді наразылық білдіре бастаған тұрғындардың талап етуімен жабылды. Сарапшылардың пікірінше, өндірістің механикаландырылған әдісі заңсыз алтын өндірушілерге тұсау болар еді.

 – Жарайды," Алтыналмас" қысыммен осы кен орнынан кетуге мәжбүр болады делік. Сонда заңсыз алтын өндірушілер барлық тау-кен-шахталық ұңғыма кешені оларға ашық күйінде қалады деп ойлай ма? Әрине, жоқ. Байлықтың бәрі бірде-бір тышқан өте алмайтындай жабылады. Ешкім тау-кен қазбаларын ақтарып, сөмкелерін алтынға толтыра алмайды, – дейді  тау-кен-геологиялық салада жарты ғасырдан астам тәжірибесі бар мамандардың бірі.

"Алтыналмас" компаниясы өндірістің механикаландырылған әдісіне көшу арқылы ғана заңсыз алтын өндірісіне тұсау салуға болатынын айтады. Осының арқасында ауылда тәртіп орнатуға болады, бірақ “жұмыс тобы” бұған қарслық білдіруді тоқтатар емес.

Компания Бестөбе кенішін қалпына келтіру үшін қажетті жабдықтар сатып алынғанын, техникалық мәселелер шешілгенін, суды ағызатын орын да анықталып қойғанын алға тартады. Бірақ заң бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізбей өндірісті бастауға рұқсат жоқ. 

Бестобе тұрғындарының алдында екі жол бар – қылмыс ошағына айналу немесе кәсіпорынның жұмысын жандандырып, алтынмен аты шыққан ауылдың тұрмысын көтеру.

Ulysmedia.kz Бестөбедегі жағдайды бақылауда ұстайтын болады.

Серіктес жаңалықтары