«Junior Eurovision – 2021» ұлттық іріктеуінің 10 финалисі анықталады

Ulysmedia

Онлайн дауыс беру бүгін аяқталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бүгін сағат 22:30-да «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Junior Eurovision 2021» ұлттық іріктеуінің 10 финалисі анықталады.

Әрбір қазақстандық сайтта өздеріне ұнаған қатысушыны қолдай алды. Жеңімпаз желтоқсанда Парижде өтетін «Junior Eurovision – 2021» ән байқауында Қазақстанның намысын қорғау үшін күресетін болады.

Ұлттық іріктеу финалы 6 қарашада өтеді, оны «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады.