Алматыдағы барахолка тағы өртенді

Ulysmedia

Алматыда Жетісу ауданындағы базарда өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

26 тамыз күні сағат 08:37-де өрт сөндірушілер «Алмалы» базарындағы өртті сөндірді. Контейнерлер маңындағы жалын 80 шаршы метр аумақты қамтыған.

Қабылданған шаралар өрттің тауарлық-материалдық заттарға жақын аймақтағы сауда үйлеріне таралуының алдын алды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.