Қырғызстанда жаңа үкімет құрамы бекітілді

Ulysmedia

Қырғызстанда жаңа үкіметтің құрамы бекітілді. Республика президенті Садыр Жапаров оның басшысы етіп Ақылбек Жапаровты тағайындады. Бұл туралы тиісті жарлыққа бүгін қол қойылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

«Ақылбек Жапаровпен келістік. Ол биылғы бюджет 280 миллиард сом (3,3 миллиард доллар), ал келесі жылы 400 миллиард сом (4,7 миллиард доллар) болатынын айтты. Ол мұны істей алмаса,  шара қолданамын. Сондықтан оған әзірше сын айтпай, жауапкершілігін жүктеп, уақыт берейік», - деді мемлекет басшысы.

Ақылбек Жапаров министрлер кабинетінің төрағасы қызметін президент әкімшілігінің басшысы болумен қатар атқарады. Жақын арада үкімет пен мемлекет басшысының аппараттары бір құрылымға біріктірілетін болады.