Бішкекте бір аптада төрт мектеп директоры ұсталды

Ulysmedia

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Бішкекте заңсыз ақша алды деген күдікпен әртүрлі мектептердің төрт директорының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24.kg

24.kg мәліметінше, 1 қыркүйекте соңғы ұсталғандардың бірі 5 000 сом пара алған. Оның қай оқу орнының директоры екенін, Ұлттық қауіпсіздік комитеті нақтыламады, бірақ ұсталған азамат сол күні арнайы қызметтің тергеу изоляторына қамалды.

Агенттік таратқан сурет №51 мектептің директоры Гүлнұр Арзиеваның ұсталғанын көрсетеді.