Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын Бекболат Тілеухан кеткелі ешкім тексермеген

Ғалиасқар Думан

Бұл ақпаратты Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Оның айтуынша, министрлік бұл ұйымды тексере алмайды, өйткені оған негіз жоқ және бұл қоғамдық бірлестік.Тіпті, ол бюджет ақшасын алған күнде де мемлекеттік органдар бұл құрылымның жұмысына бас сұға алмайды-мыс.

"Қоғамдық бірлестіктер заң бойынша дербес. Біз олардың істеріне араласпаймыз, олар мемлекеттің істеріне араласпайды. Тексеруге негіздер болса,  шағымдар түссе, онда қадағалау органы тексереді. Министрліктің мұндай құзыреті жоқ", - деді ол.

Ол Тілеуханның ҚР-да спортқа ешқандай қатысы жоқ екенін және жалпы Түркияда жұмыс істейтінін айтты.

Тілеухан бұрын композитор және музыкант ретінде танымал болды – оның сөзін Нұрсұлтан Назарбаев жазған әннің сазын жазғанын көпшілік біледі. 90-шы жылдары Тілеухан саясатқа араласып, алдымен мәдениетке жақын ведомстволарда жұмыс істеді, кейін мәжіліс депутаты болды. Қоғамда экс-депутатқа қатысты екіұшты пікір қалыптасқан.

Мәселен, оның журналист Айнұр Қоскинамен кикілжіңі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Тілші одан көп әйел алу туралы сұрауға батылы барды, сол сұрағы үшін Тілеуханнан таяқ жеді. Алайда сот Коскинаның саясаткерге қойған талабын қанағаттандырған жоқ. Ал 2021 жылы Тілеуханға Алматыдағы феминистердің митингі ұнамады – ол оны "біздің рухани құндылықтарымызға шабуыл" деп атады. Айтпақшы, қыркүйек айында Тілеухан елорданы қайтадан Астана деп атауға қарсылық білдірді.

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Тілеуханның Түркияға көшкені хабарланды.