×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Жамбылда жаңа әкім: Нұржігітовтің орнын Қарашөкеев басты

05.09.2023, 10:37
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы 26 қарашада туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

1998-1999 жж. – ҚР статистика агенттігінің сараптама және жағдаяттық зерттеулер басқармасының бас маманы. 

1999-2001 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі консультанты.

2002-2003 жж. - қаржы директоры, Ақтөбе қаласындағы филалдың директоры, «Медикус Центр» ЖШС БК-ның батыс өңірі бойынша директоры.

2003-2006 жж. – қаржы департаментінің директоры - «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ басқарма мүшесі.

2006-2007 жж. – ҚР қаржы министрлігінің жиынтық-сараптау департаменті директоры. 

2007 ж. –«ҚазАгро»Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның басқарушы директоры.

2007-2009 жж. – «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ басқармасының төрағасы. 

2010-2012 жж. – республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің  «Қаржылық құқық бұзушылықты зерттеу орталығы» РМК бас директоры.   

2012-2013 жж. - «Мұнай-газ инжиниринг және ақпараттық технологиялары ҚБТУ институты» ЖШС бас директоры,  «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ.

2013-2016 жж. -«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  басқарма төрағасының орынбасары.

2016 жылдың қаңтары мен 2019 жылдың қаңтары аралығында - ҚР Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылдың қаңтар-сәуірі - Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы.

2019 жылдың 4 сәуірінен -  «ҚазАгро»Холдинг» АҚ басқарама төрағасы. 

2021 жылдың наурыз-сәуір - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісі орынбасары міндетін атқарушы.

2021 жылдың 12 сәуірінен бастап - Қазақстан Республикасы қаржы вице -министрі.

2021 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі - Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2021 жылы 1 қыркүйектен бері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып қызмет етті.

2023 жылғы 4 қыркүйекте қызметінен босатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысын басқарған Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі қызметіне тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары