×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

АЭС құрылысына қатысты референдум: Орталық сайлау комиссиясы дайындықты бастады

06.09.2023, 10:39
Shutterstock

ҚР Орталық сайлау комиссиясы АЭС құрылысына қатысты референдум өткізуге дайындықты бастады. Бұл туралы ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Референдум өтетіні жайында жарияланды. Оны өткізу мерзімі кейінірек мәлім болады. Жалпы, Орталық сайлау комиссиясы бұл жұмыстарға дайын. Яғни сайлаушылар тізімін құру, аумақтық сайлау комиссияларына қатысты жұмыстар ескерілген», - деді Шавхат Өтемісов Мәжіліс кулуарында.

ОСК мүшесі рефрендумды биыл өткізу туралы шешім жасалса, Орталық сайлау комиссиясы бұл науқанға дайын болатынын жеткізді.

Еске салайық, халыққа Жолдауында Қазақстан президенті АЭС құрылысына байланысты жалпыұлттық референдум өткізілетінін мәлімдеді.

Жуырда Алматы облысында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жария тыңдау өтті.

Көптеген қоғам қайраткері мен энергетиктер Қазақстанда қазір атом электр станциясын салу үлкен қателік екенін бірнеше рет айтқан. Сонымен қатар қоғамда құрылыс жобасы ресейлік "Росатомға" берілуі мүмкін деген алаңдаушылық бар.

"Ресей Федерациясы санкцияларға ұшырады, олар басқа елдерден көптеген жабдықтар алды. Агрессор елмен келісімге қол қою  өзімізді қауіпке итерумен тең", — дейді қоғам белсендісі Мейірхан Әбдіманапов.

Журналист Анар Аққозының пікірінше, атом электр станциясын салу жобасы шикі, өйткені құқықтық база да, техникалық-экономикалық негіздеме де, қаржылық есеп-қисап та жоқ.

Ал экономист Марат Әбдірахманов атом электр станциясын салудың орнына күн батареялары мен жел генераторларын салу экономикалық тұрғыдан тиімді деп есептейді.

Бүгінде Қазақстан қарастыратын ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің тізіміне төрт шетелдік компания (ресейлік "Росатом", италиялық CNNC, француздық EDF және оңтүстік кореялық KHNP) кірді.

Жуырда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысының мерзімі жайлы айту ерте екенін мәлімдеген

Ал "Самұрық-Қазына" төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін көп су мен ақша қажеттігін алға тартып, шешімді әбден таразылап барып қабылдау керегін айтқан.

Серіктес жаңалықтары