Өзбекстандағы Қашқадария тумасы ақша алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Uznews.kz
«Сырдария облысында ІІБ қызметкерлері мен заңсыз көші-қон және адам саудасына қарсы күрес бөлімінің мамандары Гүлстан қаласының аумағында жедел іс-шара өткізді, оның барысында Қашқадария тумасы ұсталды. Әйел жаңа туған баласын 5 мың долларға сатуға тырысқан. Бала биыл 8 қазада дүниеге келген», - делінген ақпаратта.
Арнайы өңделген ақшаны беру кезінде әйел қолға түсті. Нәресте Сырдария облысының балалар үйіне тапсырылды. Тергеуге дейінгі тексеріс жүргізілуде.