Өнеркәсіптік өндіріс индексі 102,7% құрады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда тамақ өнімдерінің, сусын, резеңке және пластмасса бұйымдарының, өзге де бейметалл минералдық өнімдерінің, химия және фармацевтика өнімдерінің, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өндірісінің өсуі байқалды. Көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді.
Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды, дейді ұлттық статистика бюросы.