×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

«ҚазАвтоЖол» 2,3 млрд теңгенің келісімшартын тендерсіз жасаған

14.09.2023, 08:56
«ҚазАвтоЖол» 2,3 млрд теңгенің келісімшартын тендерсіз жасаған
altaynews.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалында Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің апатты түріндегі төтенше жағдайына сілтеме жасай отырып конкурс өткізбестен заңсыз шарт жасасу фактісі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, осы мәміле бойынша 2,3 млрд теңге сомасына «Жақсы-Есіл-Бұзылық» республикалық маңызы бар автожолына күрделі жөндеу жүргізумен қатар жаңа көпір салу жоспарланған.

Дегенмен, көпір тез арада шұғыл араласуды қажет етіп, бәсекелестік процедураларға кедергі келтіретін басқа күш пен технологиялық бұзушылықтар болғандығы анықталмады.

Шарт шеңберінде Филиал мердігердің шотына 200 млн. теңге көлемінде аванс аударылған, алайда қандай да бір жұмыс басталмаған.

“Осы жағдайлардың барлығын растаған аудиторлардың 2022 жылғы 13 желтоқсандағы қорытындысымен мердігер келіспей, сотқа шағымданды. Сот а.ж. 30 мамырында қарау нәтижесінде ішкі аудиттің қорытындысын (есебін) жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан. Сот актісі 2023 жылдың 23 тамызында күшіне енген. Филиалдың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін жымқырғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмолада жол құрылысына бөлінген 1,2 млрд теңге ұрланған.