×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Прокурор неліктен Қайрат Боранбаевтың жаза өтеу мерзімін қысқартуды ұсынды

15.09.2023, 11:09
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астана қаласының прокуратурасы Қ.Боранбаевпен және басқа сотталушылармен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақшалай қаражатын иемденіп (ҚК 189-бабының 4-бөлігі) және оларды заңдастыруға (ҚК 218-бабының 3-бөлігі) қатысты ісі бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz құзырлы органға сілтеме жасап.

“Сотталушылар кінәларын толық мойындауын және 14,5 млрд. теңгенің залалын өтегенін ескеріп, жәбірленуші тараптардың келісімімен қала прокуратурасы процестік келісім жасау туралы шешім қабылдады”, – делінген хабарламада.

Келісім шарттары бойынша сотталушылар жасаған қылмыстарын мойындағандықтан Қ.Боранбаев пен Р. Нахановтың мүлкі тәркіленіп, әрқайсына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолданса, ал Т. Жанұзақты 5 жыл бас бостандығынан айыра отырып,  үшеуі де мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасының тағайындалуымен келісті.

Прокуратура мұндай жаза мөлшері Қылмыстық кодекстің 55-бабының 3-бөлігінің талаптарына сүйеніп айқындалғанын түсіндірді, оған сәйкес іс жүргізу келісімі жасалған жағдайда жазаның мерзімі мен мөлшері ҚК-нің ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделгеннен жоғары мерзімінің жартысынан аспауы тиіс.

Процестік келісім қарау және оны бекіту туралы шешімді қабылдау үшін сотқа жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 22 тамызында апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау барысында сотталушылар кінәсін мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат берген болатын.

Наурыз айында Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Боранбаевтың сенімді өкілі Роман Наханов, сондай-ақ "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та  8 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары