×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жұмыс беруші 100% кінәлі: министр "Қазақстан" шахтасындағы өрт жайлы

18.09.2023, 11:57
Жұмыс беруші 100% кінәлі: министр "Қазақстан" шахтасындағы өрт жайлы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өрттің себептерін тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижелері туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, сараптама 28 жауапты адам заңнаманың әртүрлі талаптарын бұзғанын анықтады.

Шахтаның инженерлік-техникалық құрамы мен энергетикалық-механикалық қызмет тарапынан тиісті өндірістік бақылау болмаған. Қауіпсіздік техникасы мен техникалық реттеу нормалары бұзылған.

Шәріпханов жұмыс аймағының тозаңдануы мен  ауаның жану және тау-кен өнімдерімен газдануы жұмысшылардың өліміне әкелгенін атап өтті.

Министр қайғылы жағдайға жұмыс беруші 100% кінәлі екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, 17 тамызда “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. 

Өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кенші де қаза тапты.

Олар:

1. Денис Стешин, 1978 ж.т., жерасты туннельшісі, 4-разряд, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур, 1994 ж.т., жерасты электромонтері, 4-разряд, жұмыс өтілі 10 жыл;
3. Виктор Бургун, 1966 ж.т., жерасты электромонтері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюнков Виталий, 1965 ж.т., жерасты электромонтері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Илья Старовойт, 1996 ж.т., жерасты электромонтері, 3-разряд, жұмыс өтілі 4 жыл.

Шахтинск қаласының полициясы ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, апатқа жауапты басшылар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.