×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Сіздерден артық білмеймін: Жақып Асанов Самат Әбіштің тергелуі жайлы

21.09.2023, 10:41
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазіргі сенатор, Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Жақып Асанов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің тергеуге алынуы жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат кулуарында Ulysmedia.kz тілшісі Жақып Асановтан «қоғамда бұл іс тым кеш қозғалды деген пікір бар, сіз қалай ойлайсыз?» деп сұраған. Асанов іс бойынша жұрттан артық білмейтінін айтады.

«Іс бойынша мен сіздерден артық білмеймін. Мен де сол ақпарат құралдарынан оқыдым. Интернеттен осындай іс басталғанын білдім. Ал енді неге ерте немесе кеш болғанын мен айта алмаймын, өйткені менің бұрынғы жұмысым қылмыстық қудалау органы емес. Қылмыстық қудалау органдары – құқық қорғау органдары. Сондықтан маған олардың тергеу материалдары қолжетімді емес. Сондықтан, өкінішке қарай, мен ештеңе айта алмаймын. Шыдау керек, немен бітетінін көреміз. Басталды деп ресми түрде айтылды ғой. Тергеледі, кейін бұл жөнінде бәрі айтылады. Ашық процесс өтеді», - дейді ол.

«Мәжіліс депутаттары іс бойынша жаңа есімдер аталып қалуы мүмкін екенін айтып жатыр. Сіз қалай ойлайсыз?» деп те сұрақ қойылған. «Барлығы мүмкін» дейді ол.

«Әрине, тергеу барысында барлығы мүмкін. Олар зерттейді. Сараптама өткізіледі, беттестіру болады, құжаттар зерттеледі. Үлкен күрделі жұмыс. Сондықтан сұрақты тергеу органдарына қою керек. Бірақ олар да алдын-ала тергеу ақпараттарын жарыққа шығара алмайды. Сондықтан бір сөзбен күту керек», - дейді ол.

Еске салайық, қаңтардағы тәртіпсіздіктер ісі бойынша сот отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген еді.

Көп ұзамай Бас прокуратураның Самат Әбіштің тергеліп жатқанын хабарлады.

Бұдан бұрын депутат Ермұрат Бапи Самат Әбіштің үстінен іс қозғалуына қатысты пікір білдірген.

Серіктес жаңалықтары