Әлихан Смайылов пен Ақылбек Жапаров Таразда кездесіп жатыр

Ulysmedia

Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері басшыларының қатысуымен екі елдің Үкіметаралық кеңесінің отырысы өтуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет

“Келіссөздер барысында тараптар суды пайдалану, энергетика, сауда, өндірістік кооперация, транзит және көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды”, – деп жазды Үкіметтің ресми желідегі парақшасы.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов пен Ақылбек Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның I Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады.