×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Мағжан Шамшадин - дзюдодан Азиаданың қола жүлдегері

24.09.2023, 14:55
Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық Мағжан Шамшадин Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үшінші орын үшін күресте отандасымыз Тәжікстаннан келген палуан Мерзод Суфиевті жеңді. Жекпе-жек 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.
 
«Мағжан өте мықты қарсыласпен жекпе-жекте нағыз мінез танытты. Мен оны шын жүректен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын. Бұл оның қанжығасындағы соңғы үлкен марапат емес екеніне сенімдімін», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бұған дейін Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған.

Серіктес жаңалықтары