Ревакцинация: «Спутник V» орнына «Спутник Лайт» салынады

Аян Өрібай

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы халықты иммундау жөніндегі Консультативті комиссиямен бірге халықты ревакциналау тәртібін айқындады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

ОКҚ алаңында сөз сөйлеген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықаралық тәжірибелерге сәйкес, қосымша дозасын салу уақыты толық вакцинаны алғаннан кейін 6-9 айдан соң салынуы керектігін мәлім етті.

«Векторлы вакцинаны алған адамдар үшін ревакциналау уақыты инактивтелген вакцинамен 9 айдан кейін жүргізілуі тиіс. Инактивтелген вакцинаны алған адам үшін бұл уақыт 6 айдан кейін болады. м-РНК-вакцинаны алған адам үшін ревакциналау инактивтелген немесе векторлы вакцинамен 6 айдан кейін салынуы тиіс», - деді Алексей Цой.

Бұл ретте министр Спутник V компоненті емес, Спутник Лайт вакцинасы салынуы мүмкін екенін мәлім етті. Соңғы аталған екпенің өндірісі Қазақстанда жолға қойылған.

«Бұл шын мәнінде, Спутник V вакцинаның бірінші компоненті», - дейді Алексей Цой.