×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шымкентте 392 шетелдік жауапқа тартылды

15.10.2021, 18:44
Polisia.kz

Шымкентте «Нелегал-Кордон» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 392 шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Polisia.kz-нің мәліметінше, Шымкент ҚПД Көші-қон қызметінің қызметкерлерімен 11-18 қазан аралығында «Нелегал-Кордон» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – көші-қон саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ заңсыз көші-қонның жолдарын анықтап, басқа да көші-қон заңдылықтарының бұзылуын анықтау.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шымкент қаласы бойынша 392 шетел азаматы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктерді заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 84, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 18 ҚР азаматы анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптарының талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершіліктері қаралды. Сонымен қатар, 138 адам Шымкент ПД-нің қабылдап-бөлу мекемесіне жеке басын анықтау мақсатында жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары