×
459.46
495.71
4.93
#Қаңтар оқиғасы #қаңтар қақтығысы #сайлау #жемқорлық #тағайындау
459.46
495.71
4.93

Астанада оқушының12-қабаттан секіруі: қылмыстық іс қозғалды

29.09.2023, 18:18
фото: ашық дереккөзден

Қылмыстық іс "өз-өзіне қол салуға итермелеу" бабы бойынша қозғалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ тергеу департаментінің басқарма бастығы Руслан Шүлден оқиғаның 20 қыркүйекте болғанын айтты.

"Әрине, қайғылы оқиға. Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі (өз-өзіне қол салуға итермелеу) бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл жерде айтып кететін жағдай: буллинг анықталған жоқ. Өзге мәліметтерді біз прокурордың келісімінсіз жариялай алмаймыз”, – деді Руслан Шүлден Мәжіліс кулуарында.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлеуметтік желіде «Триумф» тұрғын үйі кешенінің 12-ші қабатынан 14 жастағы бала секіріп кеткені жайлы ақпарат тарады. Бастапқыда баланың буллингке ұшырағаны айтылған болатын.

Алайда кейін туыстары мәлімдеме жасап, бала буллингтен өз-өзіне қол салмағанын, жазатайым оқиға болғанын хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары