Ауа райына байланысты төрт өңірде ескерту жарияланды

Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК 16 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман болады. Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, сондай-ақШ шаңды дауыл тұрады.

16-17 қазанда Алматы облысының Алакөл аумағында 23-28 м/с екпінмен жел соғады, күші 30 м/с және одан жоғары болмақ.