Ресейдің қудалауы: Латвияның экс-депутаты Қазақтанның көмегімен үйіне оралды

Ғалиасқар Думан

Латвияның бұрынғы депутаты Вячеславс Домровскистің мәлімдеуінше, Қырғызстанда жүрген кезінде оны тұтқындамақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

F64

Ақпарат құралдарының жазуынша, Латвия СІМ Ресей билігі бұрынғы депутатты ТМД елдерінің бірінде ұстауға тырысқанын айтты.

Ал Вячеславс Домровскистің өз сөзіне сүйенсек, оны Қырғызстанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Академиясында жұмыс істеп жүрген кезінде тұтқындамақ болған.

"Ол Қазақстандағы Латвия елшілігінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, өйткені Қырғызстанда елдің өкілдігі жоқ. Қазақстан билігінің араласуымен Домбровскис 24 сағат ішінде Латвияға ұшып кетті", - делінген БАҚ басылымында.

Бұрынғы депутаттың өзі Ресей Федерациясының билігі оны Латвиядағы кеңес ескерткіштерін бұзуға қатысты ұстанымы үшін қамауға алғысы келеді деп санайды.

Айта кету керек, Латвия СІМ бұдан бұрын Ресей ТМД елдерінің бірінің билігінен аты аталмаған азаматты ұстауды сұрады деп мәлімдеді. Латвия СІМ хабарламасында егжей-тегжейлі шаралар тек Латвияға ғана емес, ЕО-ның басқа елдеріне де қатысты болуы мүмкін делінген.