Қазақстандық ғалымдар терең жара мен күйікті емдейтін құрал ойлап тапты

Ulysmedia

Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары терең жаралар мен күйіктерді емдеп жазуға арналған бірнеше инновациялық құрал ойлап тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

otyrar.kz-ның мәліметінше, бұл құрал клиникалық сынақтардан өткен, жақында Қазақстанда тіркеледі.

Зерттеу нәтижелері биологиялық материалды қолдану жараларды емдеуді едәуір жылдамдатып, емделушілердің ауруханаға жату кезеңін қысқартатынын көрсетті.

Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары терең жара мен күйікті емдеуге арналған «Фиброспрей» жасушалық препаратын ойлап тапты.

«Аэрозоль тері жасушаларының суспензиясы және жараның жазылуын екі есе жылдамдатады. Сонымен қатар, клиникалық тәжірибеде препарат тері трансплантацияларын тездету үшін қолданылады. Орталық ғалымдарының тағы бір жаңалығы бағаналы жасушаларды күрделі сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын қалпына келтіру үшін пайдаланады».

Арнайы технологияның арқасында препарат операциядан кейін үш-алты ай ішінде зақымдалған сүйек пен шеміршек тінін қалпына келтіреді.