Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген депутаттар анықталды

Ғалиасқар Думан

Қазақстанда мәслихат депутаттары арасында да қос азаматтығы бар адамдар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Ол 2022 жылы қос азаматтықтың 841 дерегі анықталғанын атап өтті.

«Ал биыл қаңтар-қазан аралығында 525 қос азаматтығы бар адам анықталды. Қос азаматтығы барлардың арасында жергілікті өкілді органдардың депутаттары да болған жағдайлар бар», - деді Сенат спикері палата отырысында.

ҚР Конституциясында қос азаматтыққа тыйым салынған. Қос азаматтық фактілері анықталған кез келген адам Қазақстан азаматтығынан айырылады.