Ресейде алғаш рет коронавирустан көз жүмғандар саны тәулігіне мың адамнан асты. Бұл сенбі күні елдің коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі федералдық жедел штаб жариялаған жаңа мәлімет көрсетілген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ТАСС-тың мәліметінше, эпидемия басталғаннан бастап Ресейде коронавирус салдарынан 222 315 өлім оқиғасы тіркелді. Қауіпті вирустан көз жұмғандар саны (соңғысы эпидемия аяқталған соң ғана белгілі болады) 2,79% деңгейінде қалып отыр.
Тәулік ішінде аталған дерттен Мәскеуде 72 адам көз жұмса, Санкт-Петерборда 67 адам, Краснодар өлкесінде – 41 адам, Свердлов облысында – 38, Башқұртстанда – 36, Ростов облысында – 33, Ставрополь өлкесінде – 32 адам көз жұмды.