Израиль соғысқа дайын екенін жариялады

Ulysmedia

Газа секторынан содырлардың шабуылдары мен зымырандық соққыларға жауап ретінде Израиль Қарулы күштері дайындыққа көшті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Reuters

Сонымен қатар Израильдің қорғаныс министрі Йоав Галант та резервшілерді жаппай жұмылдыру туралы мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, 7 қазан күні таңертең саны белгісіз содырлар тобы Израильдің Газа секторымен іргелес шекаралас аймақтарға кірген. Оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желіде қала көшелерінде болған атыстың видеоларын жариялады.

Оңтүстік және орталық аудандардың тұрғындарына баспаналарынан шықпауға және ұзамауға кеңес берілді, ал Газа секторына іргелес жатқан шекаралық аудандарда баспаналарында тұру ұсынылды.