×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Мені халқым жақсы көреді: Тұрлыханов ұлына шыққан үкімнен кейін отставкаға кету жайлы

11.10.2023, 09:40
Мені халқым жақсы көреді: Тұрлыханов ұлына шыққан үкімнен кейін отставкаға кету жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлына шыққан үкім күшіне енгеннен кейін "Депутат мандатынан кетесіз бе?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында Ulysmedia.kz тілшісі депутатқа осы сұрақты қойған.

Сот үкімі жайлы бірдеңе дегім келмейді. Алайда ата-аналар секілді дұрыс адам қылу үшін, ата-анасын қуанту үшін, ол елдің патриоты болуы үшін ұлыммен жұмыс істеуім керек. Ол - кәмелет жастан асқан бала. Өз әрекетін менімен ақылдасып жасамайды, – дейді мәжілісмен.

Тұрлыханов депутаттық мандаты сайлаушылардың қолында екенін айтады.

Бәрін менің сайлаушыларым шешеді. Егер маған сенген сайлаушылар “Құрметті, Дәулет Болатұлы. мандатыңызды тапсырыңыз десе, тапсырам. Әзірге ешкім ештеңе деген жоқ. Мені халқым жақсы көреді, – деді депутат.

9 қазанда Алматының әскери сотында мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа ерлі-зайыпты заңгер Олег Чернов пен Анна Дмитриевичтің арызы бойынша үкім шыққан еді. Сот үкімімен айыпталушыға 500 АЕК – 1 725 000 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сондай-ақ, ол зардап шеккендерге 1 000 000 теңге материалдық және моральдық залалды өтеуге тиіс. 

Еске салайық, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді.

Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бұрын Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық ісі жайлы пікір білдірген. Оның сөзінше, жәбірленушілер татуласуға ниет білдірген.

Алайда соққыға жығылған заңгерлер депутаттың сөзін жоққа шығарды.

Шілдеде заңгер Анна Чернова Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлады.

Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растап, қатардағы жауынгердің мерзімді әскери борышын өтеп жатқан жері – Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінен қашқанын мәлім етті.

4 шілдеде ведомство Нұрасыл Болаттың ұсталғанын хабарлады.

Жуырда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қылмыстық ісіне қатысты пікір білдірді