Алматы облысындағы Балқаш маңында жеңілмоторлы ұшақ ұшу кезінде аударылып қалды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«17 қазан күні Cessna 182 ұшағында чартерлік рейс орындалды. Сағат 11.15-те Қарағандыда брифинг өткізу үшін ақпарат түсті: әуе кемесі командирінің айтуынша, ұшақ ұшу орнынан ұшу кезінде аударылған», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бортта бір экипаж мүшесі мен бір жолаушы болғаны анықталды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет емес.