Қоқыстағы азық-түлік: "Алтын ордада" түсірілген видео Қазнетті дүрліктірді

Айнель Аянова

Әлеуметтік желілерде "Алтын орда" базарында түсірілген видео тарады. Кадрларлан қорап-қорап азық-түліктің қоқыста жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Сатуға жарамай қалған жемістер, көкөністер жәшіктермен қоқысқа тасталған.

Куәгерлердің айтуынша, бұл "Алтын орда" базарында болған жағдай.

Әлеуметтік желі қолданушылары мұндай әрекеттің артында саудагерлердің ашкөздігі жатқанын жарыса жазып жатыр. 

- Бағасын арзандатса, сатылып кетер еді.

- Азық-түліктің бұлай қоқыста жатқанын көру қандай ауыр, жүрегің ауырады.

- Адамды ашкөздік құртады.

- Балалар үйіне бергенде ғой...

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғаларына дейін "Алтын орда" базары бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа қарасты құрылымдарға тиесілі болған. 

Бұдан бұрын Бас прокуратура және мемлекеттік органдардың тексеруі нәтижесінде “Алтын Орда” базарында санитариялық, ветеринариялық, экологиялық, су, еңбек, сәулет-құрылыс, өртке қарсы, салықтық бақылау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласында 300-ден астам ҚР заңнамасы нормаларын бұзушылықтар анықталған болатын.