Қазақстанда бұл күнде Шұбаркөл көмірі тапшы. Қарағанды өңірінің жер үйінде тұратын халық былтырғыдай көмірді қыс түспей сатып алмақ еді, әттең құр қалды: бірінің қымбат көмірге ақшасы жетпеді, екіншісі алам деп барып, көмірдің орнын сипап қалды.
Көмірді сұрап келген халыққа сататындардың айтуынша, Шұбаркөлдің "қара алтыны" қазба орындарынан бірден Еуропа, Қытайға және тағы басқа елдерге жөнелтіледі екен. Тіпті қыс түскен сайын көмір нарығын бақылауға алуға тырысатын мемлекет те мұндайда мүлдем дәрменсіз көрінеді. Неге? Ulysmedia.kz тілшісі мақалада осы сұраққа жауап іздеп көрді.
Жалпыдан жекеге
Шұбаркөл көмір кен орны 1984 жылы ашылған. 1986 жылға дейін оны "Қарағандыкөмір" игерді. 70 шаршы шақырым аумақта барланған көмір қоры 1,5 млрд тоннаны құраған. Сапасы жағынан бұл күлі ең аз шығатын және жылуы жақсы, ең жоғары сапалы энергетикалық көмір екені анықталған.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан кейін 1996 жылы Шұбаркөл көмір разрезі негізінде "Шұбаркөл разрезі" ААҚ кәсіпорны құрылды. Бірден бірнеше миллиард тонна жоғары сапалы көмір қоры бар көмір өнеркәсібінің ең бағалы кені белгісіз біреулерге сатылып кеткен.
Бірақ бәрін ретімен бастайық. 1996 жылы 22 қаңтарда таныла қоймаған "Глобал Минерал Резервс" фирмасымен лизингтік шарт жасасу арқылы мемлекеттік акциялар пакетінің 90%-ы сатылды. Оның үстіне акциялар бөліне сатылып, келісімшартқа сәйкес барлық лизингтік төлемдер сатып алу төлемдеріне есептелді. Өте жақсы мәміле емес пе? Ол тұста Шұбаркөл сонау күрделі кезеңде ақша әкеліп қана қоймай, бұрынғы "Қарағандыкөмір" бірлестігінің пайдасыз шахталарын асырап, әлеуметтік саланы жауып отыратын.
Импорт атауы бар түсініксіз фирманың артында кім тұрғаны жайлы еш жерде айтылмады. Алайда Шұбаркөл разрезі үшін күресте ол белгісізз компания өте салмақты бәсекелестерді - Мәскеудегі "Орвес" ЖШС, жергілікті "Мансур" ЖШС және сол кездегі ең танымал "ИнтерКараганда" сынды экономикалық қауымдастықты басып озды.
Шұбаркөл жобасын әзірлеушілер мен авторлар - Қарағанды теркомының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі төрағасы Виталий Розе және ГКИ төрағасының кеңесшісі Александр Перегрин мәміле мемлекетке пайда ғана әкеледі деп сендіріп, төбесі көкке екі елі жетпей қуанған. Лизинг жобасын сол тұста Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі болған Виктор Храпуновтың өзі мақұлдады. Оны Қарағанды облысының әкімі Петр Нефедов қос қолын көтере қолдады. Шағымдар мен қарсылықтарға, соның ішінде монополияға қарсы ведомствоға қарамастан, олар мәмілені қайта қарауды бұйырған премьер-министр Ақежан Қажегелдинмен де күресерлік дәрежеде болды.
Бірақ сол тұста ойға сыймайтын "пайданы" есептеу қиын да емес еді: ол кезде акционерлік қоғамның жарғылық қоры шамамен 2 млрд теңгені құрады. Ал мәміле сомасы 30 млн АҚШ долларына тең болды.
Бірақ сол сәтте арифметикалық қабілетті тек Әділет министрлігі ғана көрсетті. Ведомство 10.07.1996 жылғы № 4/9 — б/құжатымен "Шұбаркөл "қимасы сияқты нысанның бастапқы бағасы 30 млн АҚШ долларынан әлдеқайда көп сомамен бағалануы тиіс деген ұстанымға келді.
Тек 1997 жылдың желтоқсанында "Глобал Минералс Резервс" компаниясымен лизинг шарты бұзылды.
Не үшін сатып алған?
2002 жылы "Шұбаркөл разрезі" ААҚ мен "Шұбаркөл тиеу-көлік басқармасы" ААҚ қалдығынан жаңа акционерлік қоғам - "Шұбаркөл Көмір" компаниясы пайда болды. 2007 жылы оның кәсіпорындарында шамамен 6,1 миллион тонна көмір өндірілді. Бұл жалпы пайыздың 6%-дан астамына тең мөлшер. Сол жылы компания Қазақстанда шамамен 161 000 тонна жартылай кокс сатты. 2008 жылдың 1 шілдесінде компания 1,419 миллиард тонна барланған және өлшенген көмір қорын өндірді.
2008 жылдың 31 қазанында "Шұбаркөл Көмір" АҚ Қазақстан қор биржасында тіркелді. Ал 2009 жылдың 16 ақпанында оның акцияларының 25%-ын ашық сауда-саттықта ENRC холдингі (кейінірек Eurasian Resources Group (ERG) сатып алды. Оның иелері:
Бұл ретте топта қалған 75% үлесті. сатып алуға басым құқық және опцион сатып алушыға берілді.
Бүгінде "Шұбаркөл көмір" - Қазақстандағы энергетикалық көмірдің ірі өндірушісі. Кәсіпорын ел аумағындағы ERG тобының алты негізгі бөлімшесінің құрамына кіреді. Негізгі қызмет екі көмір разрезінде - орталық және батыста жүргізіледі. Сондай-ақ құрылыс тастарын өндіру, көмір өңдеу, кірме жолдарды пайдалану, теміржол тасымалы, маневрлік жұмыстар, су өндіру және сату бойынша карьерлерді қамтиды. Шұбаркөл кен орнының көмір базасында арнайы кокс өндіретін зауыт жұмыс істейді. Оның өнімдерін Қазақстан және Ресей компаниялары — "Қазхром", "АрселорМиттал Теміртау", "Қазфосфат", "Қазмырыш", Серов ферроқорытпа зауыты тұтынады.
"Шұбаркөл Көмір" АҚ (SHUK) акциялары Қазақстандық қор биржасында ұсынылған. Олардың жиынтық нарықтық құны 118 млрд 114 млн 023 мың KZT (2 246,70 млн) тең. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізгі акционерлер - "Еуразиялық энергетикалық корпорация" АҚ (48,36% акция) және SHK EURASIAN HOLDING B. V. (49,88%).
Өмірдің ұсақ-түйегі
Осындай көрсеткіштердің барын қуана өмір сүруге болатын да сияқты. Десе де...
Тұрақты әрі шағын, бірақ жағымсыз жайттар, жанжалдар "Шұбаркөл Көмір" компанмясында жиі туындайды. Қиындықтар әсіресе, 2019 жылы көбейіп кетті. Алдымен сол жылы шілде айында 300-ге жуық кенші наразылық акциясына шығып, қалыпты еңбек жағдайларын жасауды және көмір кеніші бөлімшелерінің бірқатар басшыларын жұмыстан шығаруды талап етті. Ереуілшілер наразылық акциясына 33 жастағы тау шеберінің өзіне-өзі қол жұмсауы себеп болғанын мәлімдеді. Жұмысшылардың айтуынша, ол бастықтардың қысымына шыдамай асылып өлген. Үш бала әкесіз қалды. Кәсіпорын басшылығы бұл дауды реттеп бітпей жатып, желтоқсан айында жаңа дау басталды: ҚР ҰЭМ бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті "Шұбаркөл Көмір" АҚ көмір бағасы жөнінде сөз байласты деген күдікпен тергеуді бастады. Бірақ келесі жылы коронавирус пандемиясы басталды да, оның аясында бұрынғы проблемалар ұмытылып қала берді.
Бірақ 2023 жылдың тамызында "Шұбаркөл көмір" компаниясының отыз қызметкері ұжымдық шартты қайта қарауды, сондай-ақ үстемеақылар мен әлеуметтік кепілдіктер туралы мәселелерді қарауды талап еткен бейне үндеумен шықты.
Наразылық акциясы бейнероликпен шектелгеніне қарағанда, компания басшылығы жұмысшылармен келісімге келген сыңайлы. Әрине, мұндай бай кәсіпорынның неліктен жұмысшыларға лайықты еңбек жағдайларын жасай алмай, қажетті еңбекақы төлей алмайтыны жұмбақ. Әдетте, ықтимал әлеуметтік шиеленістің ошақтарында бірінші болып табылатын жергілікті атқарушы билік өкілдері мұндай жағдайларда ERG кәсіпорнының істеріне араласпай қалатыны да қызық. Неге деген ойлы сұрақ туындайды.
Разрез кімдікі?
Осы сұрақтың тұспалды жауабының "Қазақстан 2.0" телеграм-арнасында жазылған. Ақпарат көзі "Шұбаркөл Көмір" АҚ-тың мемлекеттің бақылауынан шығарылуына байланысты өте қызықты фактілерді жария еткен.
- ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, қазір Машкевич пен Шодиев өз әрекеттерімен мемлекетке орасан зор залал келтіріп отыр, – деп ақпарат береді телеграм-канал.
- Мысалы, ERG құрамында "Шұбаркөл Көмір" көмір бөлімі бар. Онда шешуші дауыс жеке акционерлерге тиесілі. Қазақстан аумағында тіркелген Еуразиялық өнеркәсіптік топ бар, оның құрамына 60 бейінді емес компания кіреді. Олардың ішінде - еншілес құрылымдары бар Еуразиялық банк. ЕБК акционерлері Машкевич, Шодиев және Ибрагимов. Олардың үлесі 33,3%. Сондай-ақ, шетелдік TELF Swiss AG компаниясы бар. Оның соңғы бенефициары - Александр Машкевич. Оффшорларда тіркелген бақылаудағы фирмалар арқылы басқарады.
Қазақстан 2.0. авторларларының ақпараты бойынша, бір кездері Еуразиялық өнеркәсіптік топ Еуразиялық банкті 500 млн долларға бағалаған. Бұл оның нақты құнынан төмен екені анық. Содан кейін банктің акцияларын ERG-ге тапсырған.
- ERG өз кезегінде "Шұбаркөл көмірді" тең сомаға бағалайды да, ЕПК-ге береді. "Шұбаркөл көмір" ― өзінің дамыған логистикалық инфрақұрылымы бар Қазақстанның ірі көмір кен орындарының бірі, стратегиялық маңызды көмір бөлінісі, алдағы 220 жылға арналған көмір қоры расталған елдің әлеуметтік және экономикалық маңызды активі екенін атап өтуге болады.
ЕПК "Шұбаркөл көмірді" меншігіне төмен бағаға ала отырып, ЕПК көпшілік дауысының шешімімен (Машкевич плюс Шодиев) оны TELF SWISS AG компаниясына береді. Осылайша мемлекетті 1,7 млрд тонна мөлшеріндегі стратегиялық ресурстар құқығынан айырады. Бұл ретте бүгінгі күні кредиторлар алдындағы (ВТБ және Сбербанк) алдындағы кредиттік жүктемесі өте жоғары және кіріс кәсіпорны болып табылатын "Шұбаркөл көмір" тұжырымы бойынша кабальды мәмілені жүзеге асыруда мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келіп отыр, - деп бекітеді телеграм-арна.
- Әділжан Ибрагимов қайтыс болғаннан кейін ERG құрылымы мен жұмыс принциптері өзгерді. Егер бұрын экспорттық бағаны қалыптастыру кезінде барлық пайда ERG тобының кәсіпорындарында жинақталса, кейін салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер аударылып, әлеуметтік қолдау төлемдері жүргізіліп, акционерлерге, оның ішінде мемлекетке дивидендтер төленсе, қазір ERG тобының кәсіпорындарының барлық сатылымдары TELF SWISS AG (Лугано, Швейцария, Машкевичтің сенімді адамы) - Кондрашев С. Д атты азамат арқылы жүзеге асырылады. Бұл схема Telf SWISS AG компаниясының ERG өнімдерін ең төменгі құны бойынша сатып алуын көздейді. Топ кәсіпорындарын өндірілетін өнімнің өзіндік құны деңгейінде немесе одан төмен жұмыс істеуге қалдырады және TELF SWISS AG-да пайданы жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте жартылай мемлекеттік кәсіпорын сыртқы кредиторлар алдында үлкен жүктеме көтереді, - деп хабарлайды мақала авторлары.
Ақпарат қаншалықты шындыққа жанасатынына біз баға бере алмаймыз. Алайда заңсыз шығарылған активтерді қайтару ісі шеңберінде осы сұрақтарға күндердің күнінде жауап берілер деген бір үміт бар.