Зиян келтірген үшін төлеңдер: «Қашаған» инвесторлары Қазақстан Үкіметінің талабын орындай ма

Сырым Қаржас

Қазақстандықтар шетел инвесторлары бізге талап бойынша төлейтін ақшаны қайда жұмсаймыз деп ойланып отырған кезде Қашаған кен орнының операторы – North Caspian Operating Company консорциумы басқа жолды таңдап, Қазақстан Үкіметіне "5,1 млрд доллар мөлшерінде талап қоюдан бас тартыңдар, әлеуметтік салаға 110 млн доллар инвестиция саламыз" деп ұсыныс білдіріп отыр. Экологиялық зиянды өтеудің бұл нұсқасы күткендей біраз резонанс туғызды. Қазақстанның саясаткерлері көп жыл бойы заң талаптарын бұзып, соның орнын толтыру үшін өтемақы төлеудің орнына Қазақстанға символикалық соманы бере салғысы келіп отырғанына ашулы. Экологтар егер Үкімет NCOC ұсынысын қабылдаса, мемлекет шетелдік корпорациялардың өз шарттарын бекітіп, жауапкершіліктен бас тартуының тағы бір мысалын көреміз деп отыр. Осы ретте Ulysmedia.kz екіжақты текетірестің барысы не болып жатқанын және ол немен аяқталуы мүмкін екенін сараптап көрді.

ашық дереккөзден

ОЛАР ҚАНША ТӨЛЕЙДІ 

Baitaq партиясы төрағасының экологиялық мәселелер және жасыл экономика жөніндегі кеңесшісі Азамат Аяйбергенов 2023 жылы шетелдіктер Қазақстан бюджетіне небәрі 98 млрд теңге аударғанын айтады. Қоршаған ортаға келген зиянды өтеп, жағдайды қалыпқа келтіру үшін бұл ақша жетіспейтіні анық.

– Мен сол Қашағанның 2021 жылы шамамен 214 млн теңге, 2022 жылы 212 млн теңге, 2023 жылы 224 млн теңге төлегенін атап өткім келеді. Бұл ақшаға қоршаған ортаны сауықтырып, халықтың денсаулығын жақсарту мүмкін емес. Ақша тым аз. Сондықтан біз Экология министрлігі мен Үкіметтің талабын қолдаймыз, – деді Аяйбергенов.

ҚАШАҒАНДА ЗАҢ ҚАЛАЙ БҰЗЫЛДЫ 

Қазір Қазақстанның Жоғарғы соты қарап жатқан экологиялық талаптан басқа да істер бар. Мысалы, инвестициялық шығындарды өтеу бойынша 16 млрд теңгеге талап-арыз, жоғалған пайда үшін 138 млрд доллар, сыбайлас жемқорлық істері бойынша 12 млрд долларға талап-арыз берілген. Аяйбергеновтің пікірінше, бұл талаптар тек қазақстандық тарапты ғана емес, NCOC-тың да назарына аударуы тиіс еді. Алайда Қашаған операторларына талап-арыз жазылған заңбұзушылықтар – құпия ақпарат екеніне наразы эколог.

– Мәселе құпия. Біз оның күкіртті орналастыруға қатысты екенін білеміз. Сыбайлас жемқорлық туралы ештеңе білмейміз. Біз дәлелдемеген нәрсе жайлы айту сол себепті әлі ерте, – деді ол.

Оның айтуынша, экологтарға ластаушы заттардың шығарындылары мен сақталуы жайлы толық ақпарат берілмейді.

Baitaq партиясы төрағасының орынбасары Олег Пак келісімшарттардың құпиялылығы ел экономикасына теріс әсер етеді деп санайды.

– Тоқсаныншы жылдары бірінші президент қол қойған ӨБК (өнімді бөлу келісімі) бар, бірақ бүкіл ақпарат жабық. Негізгі мәселе – ақпарат неліктен шетелдік БАҚ-та бар, олар неге жаза алады, ал бізде құпия келісім бар дейді де, сол үшін жауапкершілік барын ескертеді.

Ол Қазақстан мүддесі үшін келісімдердің шарттарын ашуды талап еткен петицияны еске салды.

– Қазақстанның жер қойнауын тиімсіз пайдалан шығынын біз жылына 20 млрд доллардан астам бағалаймыз. Бұл саясаттың барлығы шетелдік өндірушілердің мүддесі үшін жүргізіледі әрі соның салдарынан біз дами алмаймыз, – дейді Пак.

Өз кезегінде энергетика жөніндегі сарапшы Олжас Байділдинов Экология министрлігінің NCOC-қа қатысты бірқатар экологиялық талаптары соттарда жойылғанын еске салды. 10 тармақтың тек жетеуі ғана ескерілген, олар күкіртті, ағынды суларды нормативтен тыс сақтауға және тазартылмаған газды жағуға қатысты болған.

РЕПУТАЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР 

Олжас Байділдинов Қашаған бойынша сот процесі құпиялылық аясында мүмкіндігінше ашық болуы керек деп санайды, өйткені талаптардың жалпы сомасы аз емес.

– Мен әділ Қазақстан бәріне әділ болуға тиіс деп санаймын. Егер шетелдік консорциумдар Қазақстанның экологиялық заңнамасын бұзса және соның шығыны 5,1 млрд доллар болса, онда олар бұл соманы саудаламай-ақ төлеуге тиіс.

Сарапшы бұл сома Атырау облысының экологиялық мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс деп есептейді. 

– Бұл жерде ірі акционерлер үшін – 5 млрд доллар сомасы онша үлкен емес екенін түсіну керек, мүмкін олар үшін репутациялық тәуекелдер әлдеқайда маңызды, – деп атап өтті Байділдинов.

Сонымен қатар, сарапшы Қашаған операторлары айыппұл сомасын азайтып қана қоймай, экологиялық заңнаманы өздері үшін тиімді етуге тырысып жатқанына наразы екенін айтты.

ШАҒЫМНАН БАС ТАРТСА НЕ БОЛАДЫ  

Олжас Байділдинов бұл басқа елдерде адал жұмыс істейтін осы ірі шетелдік компания Қазақстанда қоршаған ортаны ластауды жалғастырып, өз міндеттемелерін орындамайтынын білдіреді деп атап өтеді.

– Олар келісуге болады екен деген шешімге келеді. Қазақстанда олар онсыз да өте жеңіл шарттармен жұмыс істеп жатыр. Ал біз бұл біздің жеріміз – Қазақстан деп ойлауымыз керек. Егер барлық басқа компаниялар, соның ішінде мұнай компаниялары эко-айыппұлдар төлеп, заңнаманы сақтаса, неге шетелдік компаниялар мұны жасамайды? Оларға қойылатын талаптар АҚШ-та, Еуропада Қазақстанға қарағанда қатаң екені сөзсіз. Онда олар заңға бағынады, неге біздің елде бұзады, – дейді сарапшы.

ӨЗІМІЗ БАСҚА ШЫҒАРЫП АЛҒАНБЫЗ  

Baitaq партиясы төрағасының орынбасары Олег Пак Қазақстанда инвесторлармен туындайтын көп проблема мемлекеттің шетелдіктерге көп мүмкіндік беретінінен деп санайды. 

– Бұл жағдайда кейбір инвесторларды кінәлау мүмкін емес шығар. Кез келген инвестор өзіне берілген мүмкіндік жағдайларында жұмыс істейді. Қазақстанның жер қойнауын алдай салар пайдаға ауыстыруға болмайды. Ал мен тіпті бізді "үндістер" деп, менсінбейтіндей көрінеді. Бүгінде біздің Үкімет оларға көп мүмкіндік береді. Шағымдар – жасаған алғашқы қадам, сондықтан мен бұл істі аяқтап, келеді олар айыппұл төлету керек. 

ҚАШАҒАНҒА КІМ ҚАНША АҚША БЕРЕДІ  

Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны – әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі, онда North Caspian Operating Company консорциумы жұмыс істейді. NCOC акционерлері:

  • KMG Kashagan B.V. (16,877%);
  • Shell Kazakhstan Development B.V. (16,807%);
  • Total EP Kazakhstan (16,807%);
  • AgipCaspian Sea B.V. (16,807%);
  • ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,807%);
  • CNPC Kazakhstan B.V. (8,333%);
  • Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,563%). 

Консорциум жобаға шамамен 60 миллиард доллар инвестиция салған. Eni, Shell және "ҚазМұнайГаз" Chevron және "Лукойл" компанияларымен бірге жобаға 27 млрд доллардан астам қаражат бөлінген. 

БӘРІ НЕДЕН БАСТАЛДЫ  

Бұған дейін Қазақстан Үкіметі "Қашаған" инвесторларына 15 млрд доллар төлеуді талап етіп, арбитражға жүгінген болатын. Мұның себебі – алып кен орнын игеру басталған сәттен бастап туындаған кідірістер, техникалық проблемалар және артық шығындар. Қосымша арызда талап етілетін шығын 138 миллиард доллар деп көрсетілген.

Сәуір айында Қазақстан шетелдік мұнай компанияларына өтемақы талап ету сомасын 150 млрд долларға дейін ұлғайтты.

30 қазанда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс кулуарларында бұл талаптарды Халықаралық төрелік қарайтынын растады. Белгіленген рәсімдер шеңберінде тараптардың ұстанымын қарау процесі жүріп жатыр.  

Ulysmedia.kz Қашағандағы жағдайды бақылауды жалғастырады.