Халықаралық газ құбыры Ресей газын Украина аумағы арқылытасымалдауға жасалған екі ел арасындағы өзара келісім мерзімі аяқталуына байланысты сәрсенбі күні жабылды.
Тарқатып айтсақ, сәрсенбінің таңында Ресейден Еуропаға шығатын ірі газ құбыры арқылы табиғи газ транзиті тоқтатылды, себебі Украина транзит келісімін ұзартудан бас тартты. Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін 31 желтоқсанда мерзімі аяқталған келісімді ұзартпайтынын ескерткен болатын.
Киевтің бірнеше онжылдықтар бойы Кеңес Одағы мен Ресей газын Еуропаға жеткізіп келген газ құбыры арқылы газ транзитін тоқтату туралы шешімі – Украина мен оның батыстық одақтастарының Мәскеудің соғысты қаржыландыру қабілетін және энергияны Еуропада қысым жасау құралы ретінде пайдалануды әлсіретуге бағытталған кең ауқымды кампаниясының бір бөлігі.
«Бұл тарихи оқиға», – деп мәлімдеген Украина энергетика министрі Герман Галущенко «Ресей нарықтарынан айырылып, қаржылық шығынға ұшырайтынын айтты.
Кеңес Одағы кезінде Сібір газын Еуропаға жеткізу үшін салынған газ құбыры 2022 жылы «Солтүстік ағын» наразылығынан және Беларусь арқылы Польшаға бағыттың жабылуынан кейін Ресейден Еуропаға газ жеткізетін соңғы ірі маршрут болған еді.
Кремльдің бақылауындағы «Газпром» энергетикалық алпауыты сәрсенбі таңында бұл құбыр арқылы енді газ жеткізілмейтінін растады. Ресей президенті Владимир Путин 19 желтоқсандағы баспасөз мәслихатында бұл келісімнің ұзартылмауы мүмкін екенін меңзеген болатын: «Бұл біз үшін мәселе емес, біз шыдаймыз, “Газпром” да шыдайды», – деді ол.
Еуропа елдері мұндай жағдайдың боларын алдын ала білді, оған дайындалды, сондықтан сарапшылар бағаға айтарлықтай әсер болмайды деп болжайды.
Бұл қадам Ресейдің газ сатудан түсетін кірісін жылына шамамен 6,5 миллиард долларға қысқартуы мүмкін болғанымен, Украина үшін де тәуекелдер бар. Әскери сарапшылардың пікірінше, Мәскеу енді украиндық құбыр желілерін бомбалауды бастауы мүмкін, себебі оларды бұрынғыдай бұзылмай сақтап қалуға ниетті емес.
Халықаралық құбыр Еуропаға импортталатын газдың шамамен 40%-ын қамтамасыз еткен, бірақ соңғы үш жылда бұл үлес күрт төмендеді. Былтыр Украина арқылы өтетін газ құбыры Еуропа газ импортының шамамен 5%-ын ғана қамтамасыз етті.
2022 жылы Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей Еуропаға газ жеткізудіқысқартты, бұл энергия үшін төлемдердің өсуіне және үкіметтердің бизнес пен азаматтарға жедел көмек көрсету шараларын енгізуіне әкелді. Бұғанжауап ретінде ЕО елдерінің көпшілігі Ресей газына тәуелділікті азайтты, дегенмен Аустрия, Венгрия және Словакия Ресейден айтарлықтай көлемдеэнергия сатып алуды тоқтатқан жоқ.
Аустрия үкіметі алдын ала дайындалып, Ресейден тыс жеткізушілерді тапқанын мәлімдеді. «Біз өз жұмысымызды атқарып, осы сценарийге дайын болдық», – деп жазды Аустрияның энергетика министрі Леоноре Гевесслер әлеуметтік желілерде.
Украиналық газ құбырының ашық күйінде қалуын қолдаған Венгрия Ресей газының негізгі бөлігін Қара теңіз астымен Түркияға жеткізілетін «Түрік ағыны» арқылы алады.
Ресей газына қатты тәуелді болып отырған Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо Ресей президенті Владимир Путинге жылы шырайлы қарым-қатынас танытып отыр.
Алайда елдің экономика министрі газ қоры мен балама жолдардың арқасында тапшылық болмайтынын мәлімдеді.
Ең көп зардап шеккен ел
Молдова болды. Желтоқсан айында Украина арқылыөтетін Ресей газының транзиті тоқтайтыны негізгі электр энергия көзісаналатын Приднестровье газ электр станциясын қауіпке ұшырататынынанқауіптеніп, төтенше жағдай жариялады.
Бұл қадам 2022 жылғы Ресейдің басқыншылығынан бері Еуропаның саясижәне энергетикалық ландшафттары қаншалықты өзгергенін көрсетеді.
The New York Times жариялаған мақаладан аударылды