Биыл 4 ақпан күні Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағының апатын тергеудің алдын ала есебі жарияланды. Ulysmedia.kz тілшісі осы ретте белгілі авиамаман Абыл Кекілбаевті сөзге тартып, есепте нендей мәліметтерге назар аударылуы керектігін сұрап білді.
ЕНДІ БӘРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Енді, осы ұшаққа сырттан әсер болғаны бәрімізге белгілі болды. Оның себептерін толықтыру үшін қосымша экспертизалар өткізуіміз керек, – деді Абыл Кекілбаев
Маман қорытынды жұмыстар әлемдік бірлестікпен жұмыла атқарылатынын жеткізді.
Ұшаққа тиген элементтердің қайдан пайда болғанын тексеруден өткізу қажет. Оны, әскери мамандар анықтап айтады. Сыртқы әсер болған соң, әлемдік әскери органдармен жан-жақты жұмыс атқарылатыны белгілі. Тергеудің басты мақсаты – осындай жағдайға не себеп болғанын анықтау арқылы алда мұндайға жол бермеу. Адами факторменен техниканың кесірі болмағандықтан авиациялық комиссия экспертизаларға сүйене отырып қорытынды жасайды, – деп жеткізді маман
ЕЛІМІЗДЕ АВИАЦИЯЛЫҚ МАМАНДАР АЗ
Абыл Кекілбаев тергеудің толық қорытындысы 12 ай ішінде дайын болып шығатынын, өкінішке қарай, Қазақстанда авиациялық мамандар аз болғандықтан сол уақытқа үлгеріп зерттеп бітпеуіміз мүмкін, сондықтан барлығы атсалысуы тиіс» дейді.
Маманның сөзіне сүйенсек, тергеу нәтижелері болған жағдайды басқа әуежайлардың маңында болдырмауға тырысып жатыр. Сол үшін, ұшақ әуе картасына қарасғанда кейінгі бірнеше күн ішінде көп әуе компаниясы өзінің ұшатын бағытын ауыстыруға көшкен. “Бұл әрине, ұшақ тасымалына қатты әсер етуде. Біраз уақыт, жолаушыларға іс-сапарын нақты белгілеу қиын болмақ” дейді ол.
ҚОРЫТЫНДЫ ӘУЕ ЗАҢДАРЫН ӨЗГЕРТЕДІ
Авиакомпаниялар ұшақтардың жолдарын ауыстыруын қауіпсіздік жағдайын ескеріп есептеп беріп жатыр.
Кейбір мемлекеттер осыған байланысты өз әуе компанияларына осындай талаптар қоюда. Мұның өзі халықаралық әуе тасымалын әсер етеді. Сондықтан халықаралық авиациялық мамандар әлемдік заңдарға ресми түрде өзгерістер енгізу жұмыстарын атқарады. Біздің қорытындыларымызға сүйене олар алдағы уақытта ресми ұсыныстарын жасайды. Әлем елдері соны пайдаланады, – деді Абыл Кекілбаев.
АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ
25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.
Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.
Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
25 желтоқсанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі табылды. Ал 26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көліктегі прокуроры Абылайбек Ордабаев ұшақ құлаған жерден тағы бір «қара жәшік» табылғанын айтты.
Ділназ Бишер