×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда тағы бір агенттік құрылады

11.01.2024, 09:29
Ашық дереккөзден

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар экспорттық-кредиттік агенттік құру ұсынысын мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылаған болатын.

Бүгін депутаттар «Қазақэкспорт» АҚ базасында ҚР үкіметінің шешімімен белгіленетін арнайы құқықтық мәртебесі бар заңды тұлға ретінде экспорттық-кредиттік агенттік құру ұсынысын бірауыздан қолдады.

Заңға сәйкес агенттік сыртқы сауда операциясы кезінде төлемеу қаупінен сақтандырып қорғауды, экспорттық мәмілелерді орындау аясында кепілдіктерді шетелдік контрагенттермен дауларды реттеу үшін ақпараттық-консультациялық қызметтерді және т.б. ұсынатын болады.

Серіктес жаңалықтары