×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Біз аш емеспіз": Сенатор тегін тамаққа ұмтылатындарды сынға алды

11.01.2024, 13:10
Коллаж Ulysmedia

Сенатор Нұртөре Жүсіп премьер-министрдің атына жолдаған сауалында халықтың мәдени деңгейіне қатысты проблемаларды көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенатор Нұртөре Жүсіп жастар тәрбиесі мен халықтың мәдени деңгейін арттырудың маңыздылығы туралы айтты.

«Былтыр Тәжікстанның жеміс-жидегіне таласқан жұртты көріп жағамызды ұстаған едік. Дәл жаңа жылдың алдында шоколад шыршасын бір минутта тайпап кеткендерді де көрдік. Осы видеолар халықаралық пабликтерде мыңдаған қаралым жинап жатыр. Сонда біздің мәдени деңгейіміз, жеткен жеріміз осы ма?»,- деді сенатор.

Депутат мемлекет тарапынан халықтың мәдени деңгейін көтеруге, таным-түсінікті кеңейтуге бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Атқарылған жұмыстардың бәрінің түпкі мақсаты – елдік санамызды оятып, тарихи жадымызды қайта қалпына келтіруді көздейді. Дегенмен, депутаттың пікірінше, мұның бәрі жеткіліксіз.

«Президент «Толық адам», «Адал азамат» деген идеяларды ұсынды. Бұл да құндылық. Осының бәрін кім жүйелейді? Айтылған сөз айтылған жерде қалмауы керек қой. 20 миллион Қазақ Еліне ортақ осындай құндылықтар жүйесі қашан жасалады? Жас ұрпақ тәрбиесі мен мәдени деңгейімізді көтеру мәселесіне мұқият көңіл бөлмесек болмайды», - деді сенатор.

Сенатор депутаттық сауалда айтылған проблеманы шешуді көздейтін үкіметтің тұжырымдамалық ұсыныстарын жан-жақты пысықтауды және жедел әзірлеуді ұсынды.

Серіктес жаңалықтары