×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Нұрлан Ноғаев Түрікменстанға елші болып кетті

Фото: tengrinews.kz

Нұрлан Ноғаев Қазақстанның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Еске салсақ, бір ай бұрын Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылған еді.

Ол өңір әкімі болып үш жылға жуық жұмыс істеді - 2021 жылдың қыркүйегінде тағайындалды. Оған дейін Қазақстанның энергетика министрі қызметін атқарған.

Ноғаев әкім кезінде 2022 жылы ереуілдер мен Маңғыстау облысында көптеген еңбек жанжалы болды.

Нұрлан Ноғаев

Нұрлан Ноғаев 1967 жылы туған. Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институтын тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.

1993-1995 жылдары - Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-де мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.

1995-1996 жылдары - Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.

1996-2006 жылдары - "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-де инженер, бас директор.

2006 жылдың ақпанынан тамызына дейін - "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.

2006 жылдың тамызынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуіріне дейін – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуірінен 2012 жылдың қаңтарына дейін - облыс әкімінің бірінші орынбасары.

2016 жылғы 26 наурыздан - Атырау облысының әкімі, 2019 жылдың 17 маусымында осы қызметке қайта тағайындалды.

2019 жылдың 18 желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы Энергетика министрі.

2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы әкімі.  

2024 жылы 16 мамырда облыс әкімі қызметінен босатылды.

Мемлекеттік марапаттары: "Құрмет" ордені, "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдары.

Серіктес жаңалықтары