×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Бүлдіріп қойған шенеуніктер немесе күзгі маусымда кім несімен есте қалды

15.11.2021, 08:46
Бүлдіріп қойған шенеуніктер немесе күзгі маусымда кім несімен есте қалды
Карикатура: Ғалым Смағұлұлы

Кейінгі кезде саяхат сахнасындағы министрлер мен әкімдер «біртүрлі» әрекеттерімен және ағат пікірлерімен жиі сәтсіздікке ұшырап, негізгі қызмет алушылары саналатын жұртшылық тарапының сынының астында қалуда. Осы орайда Ulysmedia.kz күзгі маусымда шенеуніктер  жіберген қателікті карикатура арқылы беруге тырысты.

Биыл жаз айлары, оның соңын ала күз келгелі елімізде баға қатты қымбаттап, әсіресе әлеуметтік маңызды азық-түлік құны қарапайым халыққа жайсыз тиді. Мәселен, қазақстандықтардың азық-түлік тауарларына шығыны 12%-ға өсті. Тіпті Мәжілістегі жалақысы жоғары делінетін депутаттардың өзі үнемдеуге көшкенін, тамақты арзан жерден ғана алатындарын айта бастады. Ал Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 1 млн теңге айлығының тең жартысын азық-түлікке жұмсайтынын мойындады. Осы орайда ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өндірістің бір жолға қойылмағаны, делдалдардың көптігі, Еуразиялық экономикалық одақ нарығының ықпалы сияқты себептерді атағанмен, жағдайды жақсартуға қауқарсыздығын байқатты. Тоқаевтың алдында бағаны әкімдіктер реттеуі тиістігін айтып ақталды. Ал президент Үкімет пен Ұлттық банке инфляцияны 8,5%-тен асырмауды тапсырды.

Елорда әкімдігі Талдыкөл дауында нақты ұстанымын бірден білдіртпей, ол жерде үй салушылар мен экологияны жақтайтындар арасындағы текетірес біразға созылды. Соңғы рет тиісті аумақта өлі аққу табылып, оны біреулердің таспен атып өлтіруі мүмкін екені туралы да жорамал жасалды. Қала басшысы Алтай Көлгінов көлдің өзі сақталатынын, бірақ маңайында құрылыс жүргізілетінін мәлімдеді. 

Қазақ қоғамында ресейлік Сбердің еліміздің электрондық жүйесін дамытуға атсалысуы жөнінде қызу пікірталас жүрді. ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин кейінірек аталған компаниядан тек ашық коды бар платформа ғана сатып алынатынын түсіндіруге кіріскенімен, бастапқыда министрлік жұмысының жалпақ жұртшылыққа жабық болуы мен жедел ақпараттандырудың жоқтығынынан түрлі дақпырттар тарады. Сбер дауы қоғамда әлі басылмай тұр.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында туризм саласын дамытуға салынған қаржы қаншалықты өзін ақтады деген сауал сарапшылар тарапынан жиі қойылуда. Соңғы екі жылда бұл облысқа қыруар инвестиция құйылды. Егер 2019 жылға дейін өңірде өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 8 млрд теңгеден аспаса, 2020 жылы бұл сома бірден 125,3 млрд теңгені құрады. Биыл да инвестиция өсімі жалғасуда. Осылайша, 2021 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ол 80,8 млрд теңгеге жетті, ал елдің қалған 16 өңірінде инвестицияның жалпы көлемі 86 млрд теңгені құрады. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев болса, жаз айларында елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында, Түркістанда жаңадан пайда болған көрнекті жерлердің бірі «Керуен-cарай» құрылысының сапасыздығын жазып, оны пенопласттан салынды деген блогерлердің әрекетін «хайп» деп атады. ҚР Есеп комитеті болса, таяуда аталмыш өңірде су, газ және электр қуатымен жабдықтаудың нашарлығын мәлімдеді. Өңір мемлекеттен бөлінген қаржыны 99% игергенмен, мақсаттарға 80,1% ғана қол жеткізілген.

Азық-түлікке 50-60 мың теңге жұмсайтын ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің мемлекеттік тілге шорқақтығы бірнеше рет сынға ұшырады. Оған министр күнделікті бір жарым сағат қазақ тілін оқып жүргенін жеткізгенімен, әзірге нәтижесі сезілмейді.

окаев принял министра энергетики Магзума Мирзагалиева. В ходе встречи глава государства указал на недопустимость сложившейся ситуации на внутреннем рынке ГСМ и подверг критике работу ведомств, допустивших резкое снижение запасов топлива в стране. Президент обратил внимание на необходимость бесперебойного обеспечения электроэнергией промышленности и населения, а также создания дополнительных генерирующих мощностей, Читайте больше: https://www.nur.kz/politics/kazakhstan/1939673-tokaev-prinyal-glavu-minenergo/

P.S Ulysmedia.kz шенеуніктердің ел алдында қалыптасқан бейнесін келесі маусымда тағы да жаңартып, жариялайтын болады. Жалғасы бар…