Денсаулық сақтау министрлігі Қырғызстан министрінің мәлімдемесін растамады

Ulysmedia

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі қырғызстандық әріптестері Әлімқадыр Бейшенәлиевтің коронавирустан емдейді делінген Ыстықкөл тамырының Қазақстанға жеткізілгені жайлы мәлімдемесін растамады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: today.kg

“Ресми бізге, Денсаулық сақтау министрлігіне түскен жоқ және келіссөздер жүргізілмеді”, – деді министрлік өкілі.

Бұл жерде, бәлкім, қатерлі дерттің бетін қайтаруы ықтимал уқорғасын шөбін жеке емханалар алдыртқан болуы мүмкін деген жорамал бар.

Қырғызстандық денсаулық сақтау мекемесінің басшысы болса, уқорғасынды қолданудың арқасында індеттің бой бермей кетуінің алдын алғандарын айтады.

Еске сала кетсек, коронавирустан Ыстықкөл тамырымен емделуді Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та қолдаған болатын. Өз кезегінде, сарапшылар, тиісті клиникалық зерттеулерден өтпеген емдік шөптің қауіптілігін келтіріп, дабыл қағуда.