Саяси элита рейтингі: Тоқаевтың беделі, Нығматулиннің тиімділігі

Ulysmedia

Сарапшылар ұзақ уақыттан бері көш басында тұрған Мемлекет басшысының басқарушы элита рейтингінде Мәжіліс спикеріне ұзақ уақыттан бері алғашқы орынды бергенін айтады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Ofstrategy.kz сарапшылары басқарушы элитаның кезекті рейтингін жариялады. Ол жерде билік өкілдеріне үш критерий бойынша баға беріледі. 

Бедел мен тиімділік және келешек көкжиегі тұрғысынан бірден үш саясаткердің көрсеткіші 5 ұпайдан асып тұр: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев (5,46 балл), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов (5,32 балл) және Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлана Нығматулин (5,29 балл).

«Жалпы 2021 жылдың үшінші тоқсанындағы үздік ондық келбеті, Премьер-министрдің ТОП-10 қатарына оралуын қоспағанда, өткен рейтингтен бері өзгере қоймады. Үкімет басшысы белгілі кәсіпкер Болат Өтемұратовты кейінгі ысырды», – дейді рейтингті құрушылар.  

Беделдігі тұрғысынан жоғарыдағы үштіктен тыс, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев саптан көрінеді.

Ал тиімділігі жағынан Нұрлан Нығматулин бірінші орынды иеленуде.