Елде желтоқсанмен салыстырғанда қаңтарда індет 11 есе өршіген

Ulysmedia

Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«КВИ-дің күрт өсуі республикадағы инфекциялық ауруханалардың толуына әсер етті. Соңғы айда инфекциялық төсектерді қамту 18%-дан 38%-ға дейін 2,1 есе ұлғайды. Төсек қорының 50% астам аурулармен қамтылуы Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Павлодар облыстарында анықталды», - деді министр.

Оның айтуынша, 20%-дан астам реанимациялық төсектердің толуы Нұр-Сұлтан қаласында орын алған.

Бүгінгі күні КВИ-ге қарсы вакцинаның І компонентімен  9,7 млн астам адам егілген. Екінші компонентін 9,0 млн. астам адам алған. Вакцинациялауға  жататын ересек халықтың 80,2%-ы немесе Қазақстан халқының 51,0%-ы бірінші компонентпен және 76,4% немесе 47,3%-ы екінші компонентпен қамтылған.  Ал еліміздің екі өңірінде - Маңғыстау және Қостанай облыстарында вакцинациялаумен қамту 60%-дан төмен болып отыр.