Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының тағы бір орынбасары тағайындалды

Ulysmedia

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақордаға cілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

Еске сала кетейік, Президент өкімімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы болып Дархан Жазықбаев тағайындалған болатын.

Бұған дейін Д.Жазықбаевтың жаңа екі орынбасары белгілі болды: Айнұра Серғазиева және Берік Беркімбаев.