Қостанайда тінту жүргізу кезінде 200 мың доллардан астам криптоактивтер табылды

Ulysmedia

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті "KZobmen.com", "1WM.KZ", "Kazobmen.ru", "WM007.KZ", "KZ-EXCHANGE.COM" крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО алаңынан тыс, цифрлық активтермен тыйым салынған, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

фото: ашық дереккөзден

Жүргізілген жедел іс-шаралара нәтижесінде 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, оның барысында жоғарыда көрсетілген крипто айырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар: ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банктік және бухгалтерлік құжаттар, қылмыстық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын криптоәмиян кілттері (флэш-карталар) алынды. Binance платформасында 2 крипто әмиянда 6 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеулер орнатылды.

Басқа криптобиржаларда орналасқан тағы 200 000 доллардан астам криптоактивтер табылды.