Тоқаев «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойды

Сырым Қаржас
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Газа бойынша жаңа «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Газа бойынша жаңа «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойды.

Видеодан Тоқаевтың құжатқа қол қояр алдында Трампқа жақын келіп, оған бірнеше сөз айтқаны байқалады. Ал Трамп өз кезегінде Тоқаевтың иығынан қағып жауап қатқан.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

Бұған дейін Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барғанын хабарлаған еді.