Тоқаев пен Трамп Давоста не жайлы сөйлесті?

Сырым Қаржас
Ақорда

Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ басшысы Дональд Трамп не туралы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Желдібайдың сөзінше, бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдаған. 

- Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі. Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, – дейді Руслан Желдібай.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Газа бойынша жаңа «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойған болатын.