Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Ресейдің БАҚ-тары РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковке сілтеме жасап хабарлады.
Әзірге әңгіме барысында қандай мәселелер қозғалғаны белгісіз.
Песковтың айтуынша, келіссөздің мән-жайы кейінірек жарияланатын болады. Сөйлесуге Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысқан.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия 24» телеарнасына берген сұқбатында 2026 жылы Путин Қазақстанға келетінін хабарлаған болатын.