Путин мамырда Қазақстанға келеді

Сырым Қаржас
ақорда

Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға келу туралы шақыруын қабылдады. Сапар мамыр айында өтуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшылары арасындағы әңгімені Кремль растады. Ресей тарапының мәліметінше, президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты дамыту мәселелерін, сондай-ақ сауда-экономикалық саладағы бірлескен жобаларды талқылаған.

— Владимир Путин мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысатынын растады. Қасым-Жомарт Тоқаев осы іс-шара аясында Ресей президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Кремльде әңгіме барысында бұл шақыру ризашылықпен қабылданғанын мәлімдеді. Сонымен қатар тараптар өзекті халықаралық мәселелерді талқылап, «тығыз байланыста болуға» уағдаласқан.