×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Журналист Әсет Матаев Мәжіліс сайлауына түседі

01.02.2023, 14:03
фото: ашық дереккөзден

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 на"Мәжіліс депутаттығына сайлауға түсу ниетім бар. Жеңіске жеткен жағдайда менің Парламенттегі дауысым Алматы тұрғындарының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мүддесін қорғайтын болады”, – деп жазды журналист.

Матаевтың сөзінше, оны әр өңірдегі жастар өкілдері, қоғам қайраткерлері, өнер қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әріптестері қолдап отыр.

“Олар өзгерістер мен дамуды қалайды. Біреулер дамуды сырттан іздеп жүр. Ал мен өз өмірімді қасиетті Отаныммен байланыстырамын. Біздің ұрпақ көптеген мәселені шешіп, Қазақстанды өркениеттің даңғыл жолына бағыттай алады деп сенемін!", - деді БАҚ өкілі.

Еске салсақ, бұдан бұрын қоғам қайраткері Санжар Боқаев Мәжіліске түсетінін мәлімдеген.

Сондай-ақ, Жанболат Мамайдың жары, журналист Инга Иманбай да төменгі палата депутаты болуға ниетті екенін жеткізді.

Елімізде Мәжіліс сайлауы 19 наурызда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.

 

Серіктес жаңалықтары