×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Жанболат Мамайдың жары Мәжіліс сайлауына түсетінін мәлімдеді

30.01.2023, 14:32
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Парламенттік сайлауға қатысамыз! Қадірлі ағайын! Өздеріңізге мәлім, елде парламент сайлауы жарияланды. Биыл мәжіліске тек қана партиялық тізіммен емес, жеке округтер бойынша мажоритарлы жүйемен өтуге болады. Үш жылдан астам бойы күрессек те, билік біздің партияны тіркеген жоқ. Құрылтай съезін өткіземіз дегенде түрлі арандатуларды ұйымдастырып, ондаған белсендімізді пойыздан түсіріп, ақыр соңында жиынымыздың шырқын бұзды. Бірақ, бұл күрес тоқтады деген сөз емес. Алдағы уақытта біз Демократиялық партияны ресми тіркеуден өткізу жұмысын қайта жандандырамыз», - деп жазды ол.

Инга Иманбайдың Демократиялық партияны құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің белсенділерімен ақылдаса келе, белгілі сарапшылармен, саясаттанушылармен кеңесе отырып, «алдағы парламент сайлауына қатысамыз деген шешім қабылдадық» деп жазды. Оның жақтастары Мәжіліс сайлауына тек Алматы қаласы бойынша емес, Қазақстанның басқа да өңірлерінен азаматтар қатысады деген байламға келген.

«Парламент атқарушы биліктің айтқанын орындап, дегенін жасап отыратын нотариус болмауы тиіс. Парламент халыққа қажетті заң қабылдайтын, елдік, ұлттық мүддені қорғайтын, ақиқатты айтатын биік мінбер болуы керек! Барлық демократиялық елдерде солай.  Алдағы уақытта кандидат ретінде құжаттарымызды тапсырамыз, ресми түрде тіркеуден өтуге талпынамыз. Барлығын ашық түрде сіздерге хабарлап, көрсетіп отырамыз. Бізбен бірге болыңыз, ағайын!» - дейді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын саяси белсенді, тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамайға Қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып қайта тағылғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ, Жанболат Мамайдың үстінен қозғалған істі зерттеу үшін Қазақстанға келген британдық комиссия мүшелері ел билігін сынаған еді.

Серіктес жаңалықтары