Сауранбаев көлік министрі қызметінде қалды

Сырым Қаржас
Үкіметтің баспасөз қызметі

Нұрлан Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Осылайша Сауранбаев ведомство басшылығын жалғастырады.

Ол туралы не белгілі?

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылғы 20 мамырда Жамбыл қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ мұнай әкімшілігі саласында магистр дәрежесін алған.

Әр жылдары мұнай-газ саласында жұмыс істеп, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2017–2018 жылдары Шымкент қаласының әкімі болды.

2021 жылғы сәуірден 2025 жылғы маусымға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2025 жылғы 30 маусымнан бастап Көлік министрі қызметін атқарып келеді.