Ерлан Сәрсембаев әділет министрі қызметінде қалды

Сырым Қаржас
Gov.kz

Ерлан Сәрсембаев Қазақстан Республикасының әділет министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

— Мемлекет басшысының жарлығымен Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы Қазақстан Республикасының әділет министрі болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ол туралы не белгілі?

Ерлан Сәрсембаев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын «радиоинженер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетте заңгерлік білім алған.

2002 жылдан бастап түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған. 2011–2016 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етті. Кейін Парламент Сенатының Аппаратында басшылық қызметтер атқарды.

2023–2025 жылдары Сарсембаев Конституциялық Соттың судьясы болды. 2025 жылғы қаңтардан бері Қазақстанның Әділет министрлігін басқарып келеді.